Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
«Айым-2017» бөбекжай балабақшасы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» №319 Заңының 59 бабы, 4-1 тармағына және Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы 07- қараша №1632 бұйрығы бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес өзін-өзі бағалау құжаттарын жүргізу үшін мынадай құрамда балабақшаны өзін-өзі бағалау аттестаттау комиссиясы 19 қаңтар 2026 жылғы № 01 бұйрығымен құрылды:
Аттестаттау комиссиясының құрамы
-
Ұ
Комиссия төрайымы
Ұ.А.Ешентаева
Балабақша меңгерушісі
-
Д
Комиссия мүшесі
Д.А.Анарбаева
Балабақша әдіскері
-
Ж
Комиссия мүшесі
Ж.А.Ильясова
Балабақша тәрбиешісі
-
Н
Комиссия мүшесі
Н.Ж.Абдукадырова
Балабақша медбикесі
-
М
Комиссия мүшесі
М.А.Шораева
Балабақша тәрбиешісі
Өзін-өзі бағалау іс-жоспары түзілді және соған сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бағаланатын кезеңдерге сәйкес талдау жасалатын құжаттар дайындалды және олардың барлығының көшірмелері түпнұсқадан сканерленген ПДФ форматталған файлдарға салынды және балабақшаның ресми сайтына жүктелді.
ЖШС «Айым-2017» бөбекжай-бақшасы екі жыл және ағымдағы жылдың қаңтар айына дейінгі оқу-процесін зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау қортындысын ұсынады.
2026
1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
«Айым-2017» бөбекжай балабақшасы туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Ұйымның атауы | ЖШС «Айым-2017» бөбекжай балабақшасы, Сарыағаш ауданы |
| 2 | Орналасқан жері | Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес а/ә, Жаңаарық е/м, Қ.Өтебайұлы к-сі, №36 |
| 3 | Байланыс деректері | 📞 87015006969 ✉️ aiym_20.12.2017@mail.ru 🌐 aiym2017.edu.kz |
| 4 | Басшы | Анарбаев Нұрғани Төлегенұлы (2017 жылғы 20 желтоқсандағы №01 бұйрық) |
| 5 | Мемлекеттік тіркеу | 05.06.2017 жылы тіркелген. БИН: 170640005035 |
| 6 | Рұқсат құжаттары | KZ33RVK00023270 (17.04.2020) |
| 7 | Құрылған жылы | 2015 жыл |
| 8 | Ғимарат түрі | Екі қабатты типтік үлгі |
| 9 | Топтар саны | 7 топ |
| 10 | Оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасы | 5 күндік |
| 12 | Ауысым саны | І ауысым және ІІ ауысым |
| 13 | Жобалық әлует | 160 орындық. Қазіргі таңда 160 тәрбиеленуші |
Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша 160 орындық, қазіргі таңда 160 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 7 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 160 тәрбиеленуші 7 топқа «Сәбилер» кіші тобына, «Құлыншақ» кіші тобына, «Балауса» орта тобына, «Балдырған» ортаңғы тобы, «Айгөлек» ортаңғы тобы, «Толағай» ересек тобына, «Көгершін» мектепалды тобына. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті,консультациялық пункт, думан залы, спорт залы,мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды. Су орталықтандырылған. Балабақша өрт дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте ем-шара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге, әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі күркешелер қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.
Топтар тізімі (160 тәрбиеленуші, 7 топ)
Техникалық жабдықтар
- Теледидар 7 дана
- Ноутбук 4 дана
- Компьютер 2 дана
- Принтер 2 дана
- Түсті принтер 1 дана
- Интерактивті тақта 1 дана
- Проектор 1 дана
Арнайы бөлмелер мен қауіпсіздік
- 🏢 Меңгеруші кабинеті
- 📚 Әдістемелік кабинет
- 🗣️ Консультациялық пункт
- 🎭 Думан залы
- 🏃 Спорт залы
- 💊 Медициналық кабинет (емшара + оқшаулау бөлмесі)
- 🔥 Өрт дабылының автоматты жүйесі
- 📹 Бейнебақылау камералары
Топтардағы дамытушы кеңістік орта
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы»,«Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,«Біртұтас тәрбие» «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта талапқа сай жасақталған.